"Айыртау ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ
қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша
АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Айыртау а. "25 " шілде 2024 жыл
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау "Айыртау ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ (бұдан әрі-әкімдік) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының
5 тармағына сәйкес жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі-талдау) 2024 жылғы 01 мамыр бен 2024 жылғы 01 шілде аралығында жүргізілді.
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) аппараттың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) аппараттың ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
1.1. Нормативтік құқықтық актілерге жүргізілген талдау нәтижелері бойынша Аппаратта бөлімнің лауазымды тұлғаларының өз қалауы бойынша шешім қабылдауына ықпал ететін, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергілер жасауға, нормативтік құқықтық актілерді өз еркімен түсіндіруге мүмкіндік туғызатын құқықтық олқылықтар жасауға ықпал ететін ережелер белгіленбеген.
Мемлекеттік сатып алу «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V Заңының талаптарына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру бойынша жүзеге асырылады.
2023 қаржы жылының қатар-желтоқсан айларында мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары жалпы сомасы 17542258.28 теңгеге 40 тармақты қамтиды.
2023 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында жылдық жоспарға
12 өзгертулер мен толықтырулар енгізілді, баға ұсыныстарын сұрау арқылы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға 9 хабарландыру берілді. Шарттар баға ұсыныстарын сұрату бойынша (4 дана), ашық конкурс арқылы 0 негізгі келісімшарт және осы шартқа 0 қосымша келісім, бір көзден тікелей шарттар жасасу арқылы (19 дана) жасалды және бір көзден тікелей шарттар жасасу арқылы қосымша келісімшарт (4 дана). Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру (8). Электронды магазин арқылы (1). Барлығы 36 келісім-шартқа қол қойылды.
2024 қаржы жылының қаңтар-маусым айларында мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары жалпы сомасы 23771085.22 теңгеге 27 тармақты қамтиды.
2024 жылдың 6 айында жылдық жоспарға 6 өзгертулер мен толықтырулар енгізілді, баға ұсыныстарын сұрау арқылы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу бойынша 18 хабарландыру берілді. Келісімшарттар бір көзден алу тәсілімен орындалмаған сатып алулар бойынша (4 дана), бір көзден келісім-шарттар жасау арқылы (7 дана) жасалды. Баға ұсыныстарын сұрату бойынша шарттар (15 дана). Негіздік келісімді қолдану арқылы байқаудың екінші кезеңі (2 дана). Барлығы
28 келісім-шартқа қол қойылды.
Барлық процесс веб-портал арқылы жүзеге асырылатындықтан және камералдық бақылаудан өткендіктен мемлекеттік сатып алу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы байқалмайды.
сақталады, бюджет қаражатын пайдаланудың тиiмдiлiгi және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi өзге де құқықтық актiлерiнiң талаптарының сақталуына тұрақты бақылау жүзеге асырылады. қаражат, негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық құндылықтардың сақталуы мен есептен шығарылуы да, есепке алу мен есеп берудің жай-күйі, алып жатқан алаңның белгіленген нормативтерінің сақталуы, штаттық кесте қадағаланады.
Жұмысқа жіберілген қызметкерге іссапарға шығар алдында жол ақысы, тұру ақысы және күнделікті жәрдемақысы шегінде ақшалай аванс беріледі. Қызметкер іссапардан оралған кезде бес күн ішінде қаражаттың нақты жұмсалғаны туралы аванстық есеп беруге міндетті. Аванстық есепке белгіленген тәртіппен берілген жол жүру куәлігі, іссапар шығындары туралы құжаттар қоса беріледі.
Жалақы мен іссапар шығындары кешіктірілмей қатаң түрде төленеді. Өйткені іссапарға кеткен кезде жұмыс беруші барлық жол жүру шығындарын өтеуге міндетті.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы байқалмайды.
- «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтау
Аппаратта азаматтардың өтініштерін уақытылы қарауға, бақылауды жүзеге асыруға жауапты қызметкер бар. Мәліметтер Ұлан ауданы әкімінің аппаратына беріледі. 2021 жылғы 1 шілдеден бастап "Е - Өтініш" жүйесі енгізілді, онда Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – АПБК) талаптарына сәйкес өтініштерді тіркеу, есепке алу және өңдеу жүргізіледі.
2023 жылы аппаратқа "Е - Өтініш" жүйесі арқылы жеке және заңды тұлғалардан 11 өтініш түсті, 11 өтініш қаралды
2024 жылдың 8 айында аппаратқа "Е - Өтініш" жүйесі арқылы жеке және заңды тұлғалардан 5 өтініш түсті, 10 өтініш қаралды.
Әкімдік ғимаратына жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарына арналған жәшік көрнекі және қол жетімді жерде орнатылған, қызметкерлердің заңсыз іс-әрекеттеріне жеке және заңды тұлғалардан шағым түскен жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
- Кәсіпкерлік саласында: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ Кәсіпкерлік Кодексі. Жеке кәсіпкерлік туралы Қазақстан Республикасының 31.01.2006 N 124-3 Заңы,"Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004.04.12 N 544-II Заңы.
- Жұмыспен қамту саласында: "халықты жұмыспен қамту туралы"Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 27 қаңтардағы № 524 Заңы
- салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер саласында: Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ кодексі. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)".
- ЖӨБ саласында: "ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы"Заң.
- Ауыл шаруашылығы саласында: Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңы "Мемлекеттік статистика туралы".
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
- Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары
2023 жылы аппаратта "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы"1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 1-1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес 125 кіріс хаттары, 182 шығыс хаттары тіркелген.
2024 жылдың 8 айында "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы"1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 1-1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес 71 кіріс хаттары, 102 шығыс хаттары тіркелді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Шаруашылық бойынша есеп жүргізу.
Объектінің ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметінде сыбайлас
жемқорлық тәуекелі анықталды. Бағыт бойынша ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелер.
Аталған функцияны іске асыру "Мемлекеттік статистика туралы" 19.03.2010 жылғы ҚР Заңына, ҚР Статистика агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 10.06 № 136 бұйрығымен бекітілген Шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу жөніндегі статистикалық әдіснамаға және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ауылдық округ әкімі күнтізбелік жылдың 1 қаңтары мен 1 шілдесіндегі жағдай бойынша шаруашылық бойынша есепке алу деректерін өзектендіруді жүргізеді. Шаруашылық бойынша есепке алу деректерін өзектендіру ЭШБЕ-ні одан әрі санақ жүргізу үшін дәптерлерді пайдалана отырып, халықты толық айналып өту және сұрау жолымен жүргізіледі. Заңның 16-бабының 2-тармағына сәйкес ауылдық округтердің әкімдері уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізуге, орган бекіткен нысан бойынша тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыруға және шаруашылық бойынша есепке алудың дұрыстығын қамтамасыз етуге міндетті. Алайда, шаруашылық бойынша есепке алу кітабынан және АШЖС(ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру) базасынан анықтаманы салыстыру кезінде мал басының саны байынша сәйкессіздіктер анықталды, өйткені мал иелері соғымға сойылған малды есептен шығармады, АШЖС(ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру) базасынан иелері көшіп кеткен немесе қайтыс болған мал иелерінің малдары есептен шығарылмады. Малдың бар екендігі туралы анықтаманы ветеринариялық дәрігер АШЖС (ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру) базасынан береді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелі 2024 жылғы 1 шілдедегі санақ кезінде АШЖС (ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру) және ЭШБЕ Ұсыныстар
Аппарат қызметкерлері ветеринария қызметкерлерімен бірлесіп АШЖС және ЭШБЕ базалары ақпаратының алшақтығына жол бермеу туралы жалпыға бірдей құқықтық оқыту жүргізсін.
- Елді мекендерде малдарды жаю жерлерін анықтауды ұйымдастыру саласында: « Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020жылғы 29 сәуірдегі № 145 бұйрығымен бекітілген. Осы Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына(бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы жануарларын жаю тәртібін жүзеге асыруды айқындайды.
Осы Үлгілік қағидалар негізінде және Заңның 7-бабы 4-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктер) ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын әзірлейді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
- Елді мекендерде малдарды жаю жерлерін анықтауды ұйымдастыру саласында: « Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 145 бұйрығымен бекітілген. Осы Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына(бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы жануарларын жаю тәртібін жүзеге асыруды айқындайды.
Осы Үлгілік қағидалар негізінде және Заңның 7-бабы 4-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктер) ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын әзірлейді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
анықтамалар беру жұмыстарын ұйымдастыру саласында: «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы;Аппараттың 2023 жылғы 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша «Жеке қосалқы шаруашылығы бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі 898 анықтама, 2024 жылдың 8 айының жағдайы бойынша нақты саны 467 анықтаманы құрады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
- № 6 ж, № 7 ж, № 6 р, № 7 р статистикалық нысандар бойынша есеп тапсыру саласы және тұрғындар және шаруа қожалықтары жөнінде шаруашылық кітаптарын жүргізу саласында: "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының
12 – бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы Ереженің
17-тармағының 260) тармақшасы;
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы анықталған жоқ.
Қорытынды бөлім
Әкімдіктің жұмыс тобымен жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша 1 Сыбайлас жемқорлық тәуекелі және 1 ұсыным анықталды.
Айыртау ауылдық округінің әкімі Д. Толеуханов
Бас маман Г. Кусаинова
Бас маман З. Кабекова
Бас маман А. Оспанова
Жетекші маман А. Нариманова