Мемлекеттік билік органдарының жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылының маңызды құралдарының бірі өтініштер болып қала береді. Бұл өтініштерді жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың маңызды институттарының бірі ретінде қарау керек. Азаматтардың өтініштері "кері байланыс", болып жатқан оқиғалар, процестер туралы өз пікірін білдіру, жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу және өзінің өзге де құқықтары мен мүдделерін жай ғана іске асыру мүмкіндігі болып табылады.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың Әкімшілік рәсімдері нақты регламенттелген және біріздендірілген.
Айыртау ауылдық округі әкімінің аппаратына азаматтардың тікелей және өз өкілдері арқылы өтініш білдіру, жеке өтініш білдіру, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініш жолдау құқығы мынадай жолдармен іске асырылады: