
Төтенше жағдайлардың алдын алу, мемлекеттік органдардың деректерін талдау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өңірде «Өңірлік аналитикалық орталығын» құру жобасын жүзеге асыру жоспарлануда.
«Жағдайларды жедел мониторингтеу жөніндегі өңірлік орталық» құру тұжырымдамасы келесі негізгі бағыттарды қамтиды:
Барлық бағыттардың жүйелі жұмысын қамтамасыз ету үшін әрбір мемлекеттік органнан 1 қызметкерден тұратын штат құрылады. Мамандар төтенше жағдайларды орталықтандырылған мониторинг жүйесі негізінде бақылап отырады.
Егер маңызды немесе проблемалық жағдай анықталса:
Ақпарат тиісті органдарға орындалуы үшін беріледі;
Жағдай жойылғаннан кейін деректер реестріндегі мәртебе жаңартылып, аналитикалық есеп дайындалады;
Қажет болған жағдайда, төтенше жағдай орын алса, дағдарысты басқару штабы құрылып, отырыстар ақпараттық қамтамасыз етумен жүргізіледі.
Барлық жүйелер орталықтандырылып, «Жағдайларды жедел мониторингтеу жөніндегі өңірлік орталыққа» біріктіріледі. Бұл орталық өңірдегі әлеуметтік маңызы бар салалардың мониторингін жүзеге асыратын үйлестіруші және байланыстырушы буынға айналады.