
Оның барысында инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Дүниежүзілік банк өкілдері урбанизация, инфрақұрылымды жаңарту және халықтың әл-ауқатын арттыру жобаларына қызығушылық танытты. Алдағы уақытта экологияны, қауіпсіздікті және адамдардың өмір сапасын жақсартуға баса назар аудара отырып, ынтымақтастық алгоритмдерін әзірлейтін болады.