ШҚО делегациясының Башқұртстан Республикасына іс-сапары

ШҚО делегациясының Башқұртстан Республикасына іс-сапары

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және дамыту мақсатында ШҚО делегациясы іс-сапармен Башқұртстан Республикасында болып қайтты.

Сапар барысында делегация Башқұртстан Республикасының «Жол қозғалысын басқару орталығы» МҚМ және «Башқұртстан Республикасының басқару орталығында» болды. Орталық басшылығы тиісті мемлекеттік мекемелердің жұмыс істеуінің толық ерекшелігін және қызметінің негізгі бағыттарын таныстырып өтті.

Іс-сапар қорытындысы бойынша ШҚО өңірлік басқарудың ұқсас орталығын құру жөніндегі тұжырымдаманы әзірлеуге қатысты жұмыс басталды.