Өңірлік хабтың ұйымдастыруымен pizza Pitch бірегей іс – шарасы өтті

Өңірлік хабтың ұйымдастыруымен pizza Pitch бірегей іс – шарасы өтті

Өңірлік хабтың ұйымдастыруымен pizza Pitch бірегей іс – шарасы өтті. Іс-шара бейресми жағдайда жобаларды таныстыру үшін бастаушы стартаптардың және кәсіпкерлердің, IT саласының өкілдерін жинады. Жалпы іс-шараның мақсаты жас кәсіпкерлер мен стартаперлерді қолдау және жаңа жобалар мен инновациялық шешімдерді дамытуға қолдау көрсету. Ұйымдастырылған іс-шарада 7 жоба қорғалды. Дайындаған жобалары қызықты әрі болашаққа пайдасы зор. Қазіргі жастардың белсенділігі ойлау қабілеті өте жоғары.
« - Бүгінгі таңда бізде 7 негізгі IT стартаптар өздерінің бақтарын сынайды және сол жобаларға арнайы келген қонақтарымыз IT компаниялардың жетекшілері өздерінің эксперттік ойымен бөліседі. Болашақта біз дәл осы жобаларды инкубациялық және акредитациялық бағдарламамызға қабылдаймыз, - дейді «Oskemen hub» орталығының қауымдастық менеджері Дидар Мұратұлы»