
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында халқымыздың өмір сүру сапасын арттыру басты міндет екенін атап өткен болатын.
Жасыратыны жоқ, көптеген шалғай және шекаралас ауылды елді мекендерде ұялы байланыс, интернет және пошта желілері әлі де іске қосылмаған.
Осы міндетті шешу үшін ҚР ЦДИАӨМ «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» Акционерлік қоғамымен бірлесіп, цифрлы мемлекеттік қызметтер мен онлайн-сервистерге қолжетімділігі қиын шағын ауылдарды қамтамасыз ету үшін «KazSat» геостационарлық спутниктерін орнату мәселесін пысықтады. «Kazsat» ұлттық спутниктік байланыс және хабар тарату жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі-еліміздің телехабар тарату, байланыс және кең жолақты интернетке қол жеткізу қызметтеріне қажеттілігін қамтамасыз ету.
Шығыс Қазақстан облысында 8 елді мекеннің тізімі берілген. Ағымдағы жылдың 15-20 қыркүйегінде Алтай (Андреевка ауылы – 67 адам) және Үлкен Нарын (Егінді ауылы – 124 адам, Приморское – 121 адам) аудандарында «KazSat» геостационарлық спутниктерін пайдаланатын радиусы 50 метр қоғамдық Wi-Fi нүктелері орнатылуда. Көрсетілетін қызметтердің жылдамдығы 4-тен 8 Мбит/с-қа дейін.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 15 қазанына дейін Маркакөл ауданының тағы 5 елді мекенінде (Ақбұлақ ауылы – 223 адам, Қазақстан – 203 адам, Игілік – 220 адам, Бұғымүйіз – 62 адам, Төсқайың – 267 адам) «KazSat» қоғамдық Wi-Fi нүктелері орнатылады деп күтілуде.
«KazSat» нүктелері елді мекендерге барлық қажетті мемлекеттік қызметтер мен білім беру платформаларына толық қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, интернет арқылы әлеуметтік желілерге (WhatsApp, Telegram және т.б.) қоңырау шалу мүмкіндігі бар.