Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің отырысы барысында ШҚО әкімі Ермек Көшербаев кезекте тұрғандарға мемлекеттік тұрғын үй алуға баса назар аударды.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің отырысы барысында ШҚО әкімі Ермек Көшербаев кезекте тұрғандарға мемлекеттік тұрғын үй алуға баса назар аударды.

Қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің мәліметі бойынша, 14 мыңнан астам адам қаладағы тұрғын үйге өз кезегін күтуде.

Кезекте тұрғандардың қатарында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы отбасылар, бірінші және екінші топтағы мүгедек адамдар, экологиялық апаттар салдарынан үйінен айырылған адамдар, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары, толық емес отбасылар, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері,әскери қызметшілер –  ғарышкерлікке құқығы бар әскери қызметшілер кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттік сайланбалы лауазымдарды атқаратын адамдар.

Ермек Көшербаев  бұл санаттағы азаматтарды баспнамен қамтамасыз ету басты назарда болуы тиіс екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, кезекте тұрғандардың тізімі облыс әкімінің сайтында сілтеме бойынша ашық қолжетімділікте орналастырылған:

https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/activities/56339?lang=ru