
Шалғай ауылдарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету өте өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Қазіргі таңда интернет байланысын жақсартудың амалдары қарастырылып, жұмыстар жүргізілуде. Шығыс Қазақстан облысында интернет желісіне қолжетімсіз ауылды аймақтарға «Starlink» ғаломторы желісі ретімен іске қосылуда. Байланыстың бұл түрін тек білім беру мекемелері ғана қолдана алады.
Қазірдің өзінде Үлкен Нарын ауданының, Сенное ауылы және Зайсан ауданының, Жаңатұрмыс ауылды мектептерінде «starlink» ғаламтор желісі орнатылып, оқушылардың біраз өмірін жеңілдетті. Мектеп оқушылары тест тапсыруға керек деректерді еш қыйындықсыз жүктей алады.
“- «Starlink» ғаламтор желісі арқылы біз электронды оқулықтар мен энциклопедияларға, бейне сабақтарға, презентацияларға, және аудио материалдарға қол жеткізе аламыз”, - деп айтып өтті Сенное негізгі орта мектебінің 7 сынып оқушысы Белякина Устинья.
Енді оқушылар мен ұстаздар еш кедергісіз интернет желісін қолдана алады. Жаңа бағытқа кеңінен жаңа мүмкіндіктерге жол ашылмақ.
“-«Starlink» ғаламтор желісі қазіргі заманның үздік технологиясы деуге болады. Қашықтағы біз сияқты ауылдардағы мектептердегі оқушылар мен ұстаздарға пайдасы орасан зор. Қазіргі заман-озық технологиялар заманы. «Starlink» ғаламтор жүйесі бізге электронды оқулықтар мен презентацияларға, аудио және бейне сабақтарға, әртүрлі ақпарат алуға мүмкіндік беруде ”, -деді Зайсан ауданы , Жаңатұрмыс шағын жинақты негізгі орта мектебінің жаратылыстану пәні мұғалімі Сахариева Салтанат Оразханқызы.
Сонымен қатар, «Starlink» қазірде сапасы жағынан алда тұраған желілердің бірі болғандықтан, биыл аймақтың жүзден астам мектебіне (Тарбағатай, Зайсан, Катонқарағай аудандарына және Алтай) «starlink» ғаламтор жілісі ретімен орнатылатын болады.