КОМПАНИЯНЫҢ СЕНІМДІЛІГІН БІР ТЕТІК АРҚЫЛЫ ТЕКСЕРУ: ШҚО БОЙЫНША ЭТД МАМАНДАРЫ АҚЫЛДЫ БОТ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ АЙТЫП БЕРДІ

КОМПАНИЯНЫҢ СЕНІМДІЛІГІН БІР ТЕТІК АРҚЫЛЫ ТЕКСЕРУ: ШҚО БОЙЫНША ЭТД МАМАНДАРЫ АҚЫЛДЫ БОТ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ АЙТЫП БЕРДІ

Өңір жастары алаяқтар мен жалған компаниялар торына түсіп қалмауға көмектесетін заманауи құралдармен танысты.

Жаңашылдық туралы ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы Айдын Молдабеков пен Ұйымдастыру-бақылау басқармасының басшысы Жанар Тайғаранова С. Аманжолов атындағы ШҚУ студенттерімен кездесу барысында айтып берді.
Ауқымды шара ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің қызметімен танысуға, университет түлектерін кәсіби бағдарлауға және қаржылық ағартуға арналды.

Мамандардың айтуынша, бүгінде елімізде лудомания, қаржылық сауаттылық және экономикалық алаяқтық мәселесі өткір тұр. 2023 жылдың өзінде 30-дан астам сот үкімі шығарылып, ол бойынша 52 адам сотталды. Қазіргі уақытта 36 қаржы пирамидасы жойылған. Республика бойынша зардап шеккендерге 4,6 млрд теңге көлемінде қаражат қайтарылған.

-Алаяқтардың ісі халықтың қаржылық білімімен тығыз байланысты. Сондықтан біз азаматтарды заманауи құралдардың көмегімен белсенді түрде хабардар етуге тырысамыз. Мысалы, Біз Telegram-да «Baiqapiramida» ботын жасадық. Ол – жобаны қаржы пирамидаларының белгілеріне дербес тексеруге мүмкіндік береді. Ақпарат алу үшін сізді ұйымның веб-дереккөзіне сілтеме енгізсе жеткілікті, - дейді Жанар Тайғаранова.

Жақында ғана ҚР Қаржы мониторингі агенттігі «АФМ Insider» атты тағы бір жоба-телеграмм-ботын іске қосты. Интернет-көмекші көлеңкелі экономика саласында құқық бұзушылықтар жасалғаны туралы бірден хабарлайды.

Кездесу барысында Айдын Молдабеков университет студенттерін Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына ары қарай жұмысқа орналастыру кепілдігімен оқуға шақырды.

-Қазір жоғары білімі бар қыз-жігіттер қайта бейіндеуден өтіп, біздің ұйымның штаттық қызметкері атана алады. Алты ай ішінде академия тыңдаушылары тегін тұрып, арнайы стипендия да алады. Біз өз қатарымызда креативті, интеллектуал және патриот жастарды көргіміз келеді. ШҚУ-дағы әрбір білім алушы біздің лауазымдарымызға үміткер бола алатынына сенімдімін, - деп қорытындылады Экономикалық тергеу департаментінің басшысы Айдын Молдабеков.

Құқық қорғау органдары академиясына тапсыру туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://academ