«Ашық Есік күні»

«Ашық Есік күні»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген әртүрлі мақсатты топтар деңгейінде ақпараттық жұмыстарды жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасында мемлекеттік органның және оның ведомстволық бағынысты мекемелерінің қызметімен 2024 жылғы 14 ақпанда «Ашық Есік күні» өткізілді.
Іс-шара барысында басқарма қызметінің келесі бағыттары:
1. Oskemen-hub жобасы;
2. Облыстың ауылдық елді мекендерін кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету;
3. Мұрағаттандырудағы цифрландыру;
4. «SMART City» жобасы
- жол қозғалысы және қоғамдық қауіпсіздік саласындағы құқық бұзушылықтарды қадағалау және есепке алу;
- 109 ақпараттық-анықтамалық қызметі және 112 бірыңғай кезекші диспетчерлік қызметі шұғыл шақыруларды қабылдау және талдау қызметтері көрсетілді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілдері, сондай-ақ қаладағы жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.