Ресей Федерациясының Свердловск облысынан делегация Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді

Ресей Федерациясының Свердловск облысынан делегация Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді

2024 жылғы 14 ақпанда Ресей Федерациясының Свердловск облысынан делегация Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Свердлов облысы архивтер басқармасының бастығы Тараборин Роман Сергеевич Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Мемлекеттік архив" КММ-не келді.
Архив бойынша шолу экскурсиясы өткізілді. Облыс мемлекеттік архив бөлімдерінің басшылары мемлекеттік архив қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып шықты. "Шығыс Қазақстан облысы тарихының архив құжаттарының беттері" көрмесі ұсынылды.