
Ағымдағы жылдың 7 ақпанында басқарма басшысы Серікхан Нұртазин Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ университетінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментімен бірлесіп студенттермен цифрландыруды күнделікті өмірге енгізу туралы кездесу өткізді. Кездесуге «өндірістік жүйелерді бизнес-басқару», «мемлекеттік қаржы менеджменті», «кәсіпорындағы есеп, талдау және аудит», «ақпараттық жүйелер», «математикалық және компьютерлік модельдеу», «радиотехника, электроника және телекоммуникация», «автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламалары бойынша бітіру курсының студенттері қатысты. Кездесу барысында студенттерге қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.