Құрметті жерлестер!

Құрметті жерлестер!

Әкімшілік рәсімдік іс жүргізу кодексінің 64 - бабының 4-бөлігіне сәйкес жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін өтініштер қаралуға жатады.
Алайда, азаматтардың мемлекеттік органдардың электрондық поштасына жіберген өтініштерін қарастыруға қабылдау мүмкін емес, өйткені онда құжаттарға электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қою, сондай-ақ ЭЦҚ түпнұсқалығын тексеру көзделмеген.
Осыған байланысты Сіздің өтінішіңізді тіркеу және қарау үшін оны төменде көрсетілген тәсілдердің бірімен мемлекеттік органға тапсыру қажет:
- қағаз жүзінде әкеліп тапсыру;
- пошта байланысы арқылы;
- "е-Otinish" ақпараттық жүйесі арқылы.