
Бірінші кезеңде жобаны іске асыру шеңберінде 3 Басқарма таңдалды; "ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы" "ШҚО білім басқармасы", "ШҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы".
Осыған байланысты, 2024 жылғы 23 қаңтарда "ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасы" ММ қызметкерлері және "Rating" ЖШС бизнес-талдаушылары басқарма өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында жұмыс топтарын құру мәселелері талқыланды, олардың мақсаты деректерді жинау нысанын және сыртқы ақпараттық жүйелерден деректерді жинау тетіктерін автоматтандыру болып табылады.
Сондай-ақ, аудиторлық операцияларды жүргізу және автоматтандыру басқармасының қызметіне және жиналған мәліметтер базасына қатысты деректерді жинау бойынша көмек көрсетілді.
Осы Тұжырымдаманың ұқсастығы бойынша алдағы перспективада бүкіл өңірдің мемлекеттік органдарын автоматтандыру жөніндегі стратегиялық жоспарды іске асыру болжанады.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.