
Тараптар өңірдегі ұялы байланыс сапасын талқылады, сондай-ақ шалғай өңірлердегі халықты жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету мәселелерін айқындады.
Кездесуде Өскемен қаласының 19, 21, 25 ықшам аудандары және ЖБК ықшам ауданы сияқты маңызды аудандарында ақ дақтардың болмауы немесе байланыс сапасының төмендеуіне байланысты мәселелерді қоса алғанда, коммуникация саласындағы ағымдағы жағдай талқыланды.
Сондай-ақ, Черемшанка (Глубокое ауданы), Дайыр және Тұғыл (Зайсан ауданы), Үлкен Нарын (Алтай ауданы), Самар (Самар ауданы), Таврия (Ұлан ауданы), Выдриха (Шемонаиха ауданы) ауылдарының тұрғындарының сондай-ақ Риддер қаласында сертификатталмаған және сапасыз репитерлерді пайдалану мәселелеріне назар аударылды.
Бұдан басқа, төрт елді мекенде (Зайсан ауданының Шілікті ауылы, Күршім ауданының Қаратоғай ауылы, Катонқарағай ауданының Топқайың ауылы, Тарбағатай ауданының Жаңаауыл ауылы) «Кар-Тел» ЖШС базалық станциясы орнатылатын болады.
Кездесу нәтижесінде тараптар өңірдің барлық аумағында сапалы мобильді кең жолақты интернетке қолжетімділік мәселелерін талқылап, «ақ дақтарды» жою үшін Өскемен әкімдігі «Кар-Тел» ЖШС-мен бірлесіп қолданыстағы көшені жарықтандыру тіректерін қажетті жабдықтарды орнату арқылы жаңғырту туралы мәселені пысықтайды деген қорытындыға келді.