Digital East мобильді қосымшасы туралы ақпарат

Digital East мобильді қосымшасы туралы ақпарат

Digital East мобильді қосымшасы туралы ақпарат

 

Қазіргі уақытта «ақылды» қаланы құру бойынша 2.0 эталондық стандартын іске асыру шеңберінде қала тұрғындарын аса маңызды ақпаратпен хабардар ету функцияларын іске асыратын «Digital East» жеке мобильді қосымшасын іске қосу бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Мобильді қосымша Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтарына арналған. Ол 10 негізгі қызметтен тұрады, олар өз кезегінде 55 қосалқы қызметтен тұрады (оның 21-і тіршілікті қамтамасыз етудің әртүрлі салалары (денсаулық сақтау, білім беру, көлік) бойынша қызмет көрсетеді, қалған 34-і анықтамалық сипатта болады).

Осы қосымша арқылы тұрғындар қол жетімді қызметтерден жедел ақпарат ала алады.

Оның ұялы телефоныңызда болуы, қашықтықтан (24/7 режимінде) тәуліктің кез келген уақытында бірнеше рет басу арқылы авиа және ТЖ билеттерін сатып алуға, жаңалықтарды, хабарландыруларды, бос жұмыс орындарын, шұғыл қызметтердің байланыстарын көруге, коммуналдық қызметтерге (интернет, теледидар, жылу желілері, су арнасы, қоқыс, салықтар) ақы төлеуге, Казпошта трекингін тексеруге, тұрғын үйге кезек нөмірі, баланы балабақшаға кезекке қою, учаскелік дәрігерге жазылу, теміржол вокзалдарының, әуежайлардың, автовокзалдардың кестесін көру және тағы басқа қызметтерге қол жеткізуге болады.

Мобильді қосымша Android Және IOS платформаларына арналған, оны Google Play және AppStore дүкендерінен жүктеуге болады.