​2023 жылғы 22 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облыстық А.С. Пушкин атындағы кітапханасында "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануының 25 жылдығына арналған іс-шара өткізді.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дархан Бақытжанұлы Сапанов құттықтау сөз сөйлеп, архив қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Архив саласының үздігі" төсбелгісімен және Құрмет грамоталарымен марапаттады, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Серікхан Бейсенғазыұлы Нұртазин сөз сөйледі.
​Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік архивінің директоры Рахметов Самат Нұрланұлы мемлекеттік архив филиалдарының басшылары мен қызметкерлеріне құрмет грамоталарын табыс етті.
​Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік архивінің директорының орынбасары Е. В. Костина "ШҚО мемлекеттік архивінің даму жолына 25 жыл" атты баяндама жасады.
​1998 жылғы 22 желтоқсанда "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, ал 2020 жылы бұл күн "Қазақстан архивистер күні" ресми кәсіби мерекесі болды. Ардагерлер мен архивистерді құттықтаймыз.