
2023 жылғы 6 желтоқсанда ШҚО алаңында ШҚО бойынша "AMANAT" партиясының барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының бірінші форумы өтті. Панельдік сессиялар шеңберінде депутаттар білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, спорт, мәдениет, сондай-ақ ТКШ, құрылыс, көлік, автожолдар, цифрландыру, экология және ауыл шаруашылығы мәселелерін талқылады. Біздің басқармаға қатысты басшыға халықты интернетпен қамтамасыз ету бойынша сұрақтар қойылды. Баяндама қорытындысы бойынша ШҚО бойынша "AMANAT" партиясы депутаттарының барлық өзекті сұрақтарына есеп түрінде жауаптар берілді.