
Талдау жүргізу барысында мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша 54 сыбайлас жемқорлық тәуекелі және ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер анықталды.
Сонымен қатар ЖТІТ "ШҚО жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды қамтамасыз ету қызметі" КММ, "ШҚО әкімінің істері басқармасы" және "ШҚО Авиациялық бөлімшесі"КМҚК ведомстволық бағынысты коммуналдық мекемелерінде өткізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі жоспарға сәйкес әрбір сыбайлас жемқорлық тәуекелі өз бөлігінде белгілі бір ұсынымдар әзірленген көзделген мерзімде іске асырады.
2023 жылғы 17 қарашада сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өткізілді, оған жұмыс тобының барлық өкілдері, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысының қоғамдық кеңесі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы қатысты.