
2023 жылғы 22 қарашада облыс әкімінің орынбасары Д.Б. Сапановтың төрағалығымен "Біріккен энергосервистік Компания" АҚ, "Алма Телекоммуникейшнс" АҚ өкілдерінің және мүдделі тұлғалардың қатысуымен талшықты-оптикалық байланыс желілерін жүргізу үшін әуе желілерінің тіректерін ұсынуға қатысты кеңес өткізілді, онда бірқатар өзекті мәселелер талқыланып, тиісті ұсынымдар берілді.