
Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 522 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі Тұжырымдамасы бекітілді, оған сәйкес мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында жобалық тәсілді енгізу процесі іске қосылды және жобалық менеджмент мәселелері регламенттелді.
Дәстүрлі басқарудан мемлекеттік басқарудағы жобалық тәсілге көшу жүзеге асырылуда.
Өздеріңіз білетіндей, жобалық басқарудың негізгі артықшылықтары бизнес-процестерді оңтайландыру және құрылымдау, ресурстарды үнемдеу, топтық жұмыс арқылы ашықтықты қамтамасыз ету, нақты жоспарлау арқылы нақты нәтижелерге қол жеткізу болып табылады.
Жобалық басқаруды пайдалану тәсілдері мен стандарттарын жүйелеу мақсатында облыс әкімі Е. Б. Көшербаева басқарма басшылары мен басшыларының орынбасарлары үшін оқыту семинарын өткізуді тапсырды. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының сертификатталған жаттықтырушы-консультанттары жобалық басқару әдіснамасын және жергілікті атқарушы органдар басқармалары өкілдерінің құзыреттерін дамыту бойынша мастер-класс өткізді.