«Инклюзивті инновациялар консорциумдары» гранттық бағдарламасы бойынша конкурс жарияланғанды

«Инклюзивті инновациялар консорциумдары» гранттық бағдарламасы бойынша конкурс жарияланғанды

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде «Инклюзивті инновациялар консорциумдары» гранттық бағдарламасы бойынша конкурс жарияланғаны туралы хабарлайды.

Гранттық бағдарламаның мақсаты жоғары әлеуметтік маңызы бар, сондай-ақ орнықты коммерциялық әлеуеті бар және орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған инновациялық шешімдерді (өнімдерді, қызметтер мен технологияларды) құру және енгізу мақсатында ғылым мен бизнесті біріктіру болып табылады.

Гранттық бағдарлама шеңберінде бірнеше қатысушылар арасында консорциум құру қажет - бір немесе одан да көп коммерциялық ұйымдар немесе коммерциялық емес ұйымдар (кәсіпкерлік қызмет құқығымен), олардың негізгі қызметі іске асырылатын жобаның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келеді және бір (1) немесе одан да көп Ғылыми ұйымдар (ғылыми ұйымдар мен кәсіпорындар өзара үлестес болмауы тиіс).

Гранттың ең жоғары сомасы 150 млн. теңгеге дейін, іске асыру мерзімі 12 айға дейін беріледі. Консорциумның міндетті шарты 10% қоса қаржыландыру қаражатын енгізу болып табылады.

Гранттық бағдарлама бойынша өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы
14 тамыз бен 21 қыркүйек аралығында Астана уақыты бойынша сағат 18.00-де өтеді.

Гранттар бағдарламасы бойынша толығырақ ақпаратты www.fpip.kz Жобаның сайтынан ала аласыз.

Барлық сұрақтар бойынша consortia@fpip.kz электронды поштасы немесе +7 777 149 80 36 телефон нөмірі арқылы хабарласа аласыз.