«Digital east» мобильді қосымшасы

«Digital east» мобильді қосымшасы

Облыс орталығында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында «Digital east» мобильді қосымшасы жұмыс істеуде. 11 санаттан тұратын қосымшада мемлекеттік және қалалық қызмет түрлері толық қамтылған. Қала тұрғындары балабақша, мектеп, дәріхана, емхана, спорттық ұйымдар мен қосымша білім беру орталықтары жайлы ақпаратты осы жерден таба алады.

Қосымша қала тұрғындары мен қонақтарына арналған. Оның көмегімен қалалық автобустардың қозғалысын онлайн режимде бақылауға болады. Денсаулық сақтау, білім беру салаларындағы керек қызмет түрін оңай алу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, бос жұмыс орындарымен танысып, түйіндеме қалдыруға да болады.

Қазіргі уақытта «Digital east» мобильді қосымшасын 5000-нан астам адам жүктеп үлгерген. Ол тұрғындарға барынша ыңғайлы әрі түсінікті етіп жасалған.

Цифрландыру – заман талабы. Жаңа тетіктер ашылып, қызмет аясы да кеңеюде. Облыста тіршіліктің 11 саласын қамтитын ақылды қалаларды құру бойынша эталондық стандарты жандандырылды.