Қол жетімді интернет

Қол жетімді интернет

Облыс әкімінің ұялы байланыс операторларының лицензиялық міндеттемелерінің орындалу сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі тапсырмасы шеңберінде Шемонаиха ауданының Убинка және Ново Убинка ауылдарына шығу жүргізілді.

Мониторинг барысында Убинка ауылында "Мобайл Телеком Сервис" ЖШС (маркасы-Tele2) антенна-діңгек құрылысының және базалық станциясының болуына қарамастан, Интернет желісіне сапалы мобильді қолжетімділік жоқ екені анықталды. Кейіннен бақылау өлшемімен жабдықты қосымша конфигурациялау үшін техникалық мамандарды жіберу туралы алқалы шешім қабылданды.

Өз кезегінде, "Шығыстелеком" ЖШС Ново-Убинка ауылының Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша өз міндеттемелерін орындауға кіріспеді. Осыған байланысты радиожиілікті пайдалануға рұқсат алынғанға дейін операторды әкімшілік жауапкершілікке тарту, содан кейін басқа байланыс операторына беру туралы мәселе пысықталуда. Сонымен қатар, ауылды интернетпен тезірек қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігімен бірлесіп үй шаруашылықтарына дейін талшықты-оптикалық байланыс желілерін жүргізу мүмкіндігі қарастырылуда.