
Облыста өңірдің шалғай аудандарын сапалы интернетпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда. Бүгінгі таңда 166 пункт 3G және 4G желісіне қосылған.
ШҚО-да ауылдарды сапалы интернетпен қамтуға бағытталған жұмыстар жалғасуда. Жасыратыны жоқ, қазір менеджмент, бухгалтерлік есеп, бағдарламалау және басқа да бірқатар мамандықтар саласында қолданылатын қашықтағы жұмыс түрі барған сайын танымал болып келеді. Қашықтықтан оқыту формасы да белсенді дамып келеді. Сондықтан қазір адамдардың максималды санын сапалы интернетпен қамтамасыз ету өте маңызды.
2024 жылдың соңына дейін тағы 80 елді мекен сапалы интернетпен қамтамасыз етіледі. Облысты белсенді цифрландыру жергілікті бюджет есебінен салынып жатқан антенна-діңгек құрылыстарын салу есебінен дамуда.
Айта кету керек, жақын арада саны 100-ден аз ауылдар сапалы ұялы байланыспен және интернетпен қамтамасыз етіледі, бұл өз кезегінде ішкі туризмді дамытуға жаңа серпін береді.