Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қолдауымен ағымдағы жылдың 1 ақпанында «Спорттық бағдарламалау жөніндегі Федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі құрылғанын хабарлайды.
Федерацияның негізгі мақсаттары спорттық бағдарламалауды насихаттау және дамыту, сондай-ақ оқыту, жарыстар және қауымдастық құру арқылы олимпиадаларға қатысушылардың нәтижелерін жақсарту болып табылады.
Қазақстан Республикасында спорттық бағдарламалауды дамытудағы қызмет шеңберінде Федерация ағымдағы жылдың 7 мамырында спорттық бағдарламалаудан Қазақстан Республикасының Бірінші чемпионатын өткізеді (https://contest.cpfed.kz/ сайтта қосымша ақпаратпен танысуға болады).