Атаулы әлеуметтік көмекті азаматтар проактивті форматта алып жатыр

Атаулы әлеуметтік көмекті азаматтар проактивті форматта алып жатыр

Енді мемлекет қазақстандық отбасыларға құжатсыз проактивті форматта атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуды ұсынып отыр. Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға SMS хабарлама eGov.kz сайтынан автоматты түрде жіберіледі.

 АӘК алушыларына әлеуметтік көмек алу мүмкіндігі туралы хабарланады. Хабарлама 1414 нөмінінен SMS хабарлама түрінде жолданады. Аталмыш көмекті мемлекеттік деректер базасында қамтылған АӘК критерийлеріне сәйкес келетін азаматтар алады. Бұл былай жұмыс істейді:

  • атаулы әлеуметтік көмек алуға мұқтаж – АӘК алушыға 1414 нөмірінен автоматты түрде хабарлама келеді;
  • АӘК алушы өзінің IBAN шотын көрсете отырып, сол хабарламаға жауап ретінде өзінің келісімін жібереді;
  • жауапты алғаннан кейін eGov.kz «электрондық үкімет» порталы жәрдемақы тағайындау үшін алушы туралы мәліметтерді ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне жібереді.

Дереккөз: «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ