
Соңғы үш жылда Қазақстанда 41 IT мектеп ашылды. Ал биылдың басынан бері оларда 55 мыңнан астам оқушы оқып жатыр. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 3 мыңға көп.
ІТ-мектептер заманауи құрал-жабдықтармен және робототехника кабинеттерімен жабдықталған. Сондай-ақ оқушылар үшін балаларда цифрлы білім мен дағдыларды дамытуға бағытталған арнайы білім беру бағдарламалары әзірленді.
Бүгінгі таңда ІТ-мектептерде оқитын балалар жалпы білім беретін пәндер мен робототехника бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларына белсенді түрде қатысып жүр. Биыл Индонезияда өткен информатикадан халықаралық олимпиадада (IOI) оқушыларымыз 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды. Қазақстан атынан беделді олимпиадаға 4 оқушы қатысты. Оқушыларымыз әлемнің 90-ға жуық елінің 350-ден астам қатысушымен бәсекелесіп, жүлделі орындарға ие болды.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі