
Нұр-Сұлтанда ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұйымдастыруымен "Цифрлық Қазақстанға қарай" халықаралық форумы өтті.
Форумның мақсаты интернетке кең жолақты қолжетімділікті дамыту жөніндегі ұлттық жоспарды іске асыру шеңберінде Үкімет, байланыс операторлары және вендорлар арасындағы диалогты күшейту болды.
Бұдан басқа, іс-шара барысында "Қазақстанда КЖҚ желілерін дамыту" тәуелсіз зерттеуі ұсынылды, онда ақпараттық технологияларды дамыту трендтері мен саясаты, сондай-ақ үздік халықаралық практикалар негізіндегі ұсынымдар көрініс табады.
Форумның спикерлері ретінде Асхат Оразбек ҚР ЦДИАӨМ вице-министрі, Наталья Мочу, ТМД бойынша Халықаралық Электр байланысы одағының өңірлік директоры, Андрей Беклемишев, ТМД IDC вице-президенті, Ростислав Коняшкин, NITEC Басқарма Төрағасы және т.б. сөз сөйледі.
Мәселен, сарапшылар инфрақұрылымды бірлесіп пайдалану тұжырымдамасын нормативтік тұрғыдан бекітуге, әмбебап көрсетілетін қызметтерді субсидиялау жүйесін қайта қарауға кеңес береді, ұлттық операторды ішінара немесе толық жекешелендіру арқылы тіркелген де, ұтқыр да КЖҚ нарығында бәсекелестікті дамыту жөнінде шаралар қабылдау талап етіледі.
"Соңғы жылы біз байланыс операторларымен бірлесіп "250+" бағдарламасы бойынша елді мекендерді байланыспен қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс атқардық, келесі қадам – баламалы құралдар – байланыс спутниктері арқылы қамту аймағын кеңейту және сапасын жақсарту. Сондай – ақ, заңдарды жетілдіру деңгейінде үлкен жұмыс атқарылды-байланыс операторларына электр байланысы бағаналарын пайдалана отырып желілер салу мүмкіндігі, бұл шалғай елді мекендерде интернет беру процесін едәуір жылдамдатады, сондай – ақ салық жеңілдіктері-операторлар қаражатты салық төлеуге емес, желіні дамытуға бағыттайды", - деп атап өтті форумның ашылуында сөйлеген сөзінде вице-министр Асхат Оразбек.
Халықаралық Электр байланысы одағының (ХЭО) ТМД бойынша өңірлік директоры Наталья Мочу 2030 жылға қарай Жалпыға бірдей қосылуды қамтамасыз ету үшін АКТ саласы үш негізгі міндетті шешуі тиіс: жабудағы алшақтықты, пайдаланудағы алшақтықты жою және толыққанды қосылуды қамтамасыз ету.
"ТМД өңірі байланыс сапасы мен қамту саласында сенімді өсуді көрсетіп отыр, алайда қала-ауыл арасындағы цифрлық алшақтық әлі де сақталуда, бұл ретте гендерлік цифрлық алшақтық ең төменгі деңгейде сақталуда. Сондай-ақ, егде жастағы адамдар арасында Интернетті пайдаланушылар саны біртіндеп артып келеді", - деді Наталья Мочу.
Қазақстан бойынша МӘС деректеріне шолу нарық дамуының елеулі прогресі туралы куәландырады. Алайда, инфрақұрылымды дамытуға одан әрі инвестициялар, сондай-ақ реттеушілік саясатты одан әрі жетілдіру, халықтың қалың топтары арасында цифрлық дағдыларды дамыту бойынша қосымша шаралар қажет.
Сөз сөйлеушілер атап өткендей, бүгінде Қазақстандағы АКТ саласының және кең жолақты байланыс операторларының алдында Қазақстан халқын сапалы интернетпен қамтамасыз ету бойынша ауқымды міндеттер тұр. Ағымдағы кезеңде осы тапсырманы орындау үшін қолда бар және талап етілетін ресурстарды бағалау және жағдайды үш жағынан қарастыру қажет: реттеушілер-операторлар-тұтынушылар. Алда бесінші буын (5G) желісін өрістету және соның салдарынан ел халқының интернет-трафикті тұтынуының едәуір ұлғаюы тұр.
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі