2022 жылғы 23 маусымда, Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу күні, Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасында іс-шара өткізілді

2022 жылғы 23 маусымда, Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу күні, Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасында іс-шара өткізілді

Қазақстанда Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу жалпы мемлекеттік қызметтің беделін нығайтуға ықпал етуі тиіс. Мемлекеттік қызметшінің жұмысы білімнің кең спектрін, үлкен жауапкершілікті, үнемі өзін-өзі бақылауды және ұстамдылықты талап етеді. Мемлекеттік қызмет жұмысының тиімділігі әрбір мемлекеттік қызметшіге, оның тәжірибесіне, қайсарлығына, сондай-ақ кәсіби және жеке қасиеттеріне байланысты.

2022 жылғы 23 маусымда, Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу күні, Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасында іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында мінсіз және табысты жұмысы үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің грамотасымен әкімшілік-қаржы бөлімінің бас маманы С.Ибраимова марапатталды.

Әдеп жөніндегі уәкіл А.Шаитова қызметкерлер арасында Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнаманы білуге конкурстар мен викторины өткізді. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.