
«Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасы» ММ аппараттық кеңесінде Әдеп жөніндегі уәкіл А.Шаитова қатысушыларды Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің жаңа редакциясымен таныстырды.
Қазіргі жағдайда мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік бейнесіне және іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды күшейту осы саладағы заңнаманы жетілдіруді талап етті, бұл қоғам тарапынан мемлекеттік органдарға деген сенімді арттыруға ықпал етеді.
Жаңа Әдеп кодексі қызметтік әдеп стандарттарын белгілейді және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық қасиеттерін қалыптастыру үшін негіз болады.
Сондай – ақ, мемлекеттік қызметтің этикалық қағидаттары- адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық және клиентке бағдарлану енгізілді.
Кодекстің жаңа редакциясында басым талаптарға ерекше назар аударылады, олардың бірі «клиентке бағдарланған» мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және Мемлекеттік қызметтерді ұсынуда ашықтық қағидаттарын сақтау болып табылады.