Тоқаев қала мен ауыл арасындағы цифрлық теңсіздікті азайтуды тапсырды

Тоқаев қала мен ауыл арасындағы цифрлық теңсіздікті азайтуды тапсырды

Мемлекет басшысына Қазақстанның телекоммуникация саласының қазіргі ахуалы, оның мобильдік сегментінің дамуы, халық пен бизнеске көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту және спектрін ұлғайту жөніндегі жұмыстар туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа бесінші буын 5G желісін ашу және цифрлық теңсіздікті одан әрі төмендету перспективалары туралы баяндалды.

Атап айтқанда, Қуанышбек Есекеев Президентке 2018-2020 жылдары ауылдық жерлерде салынған оптикалық-талшықты магистраль базасында жергілікті желілерді салу бойынша жобаларды ауылдарда жүзеге асыру туралы айтып берді.

"Цифрлық серіктес" бағдарламасы аясында жоғары жылдамдықты интернетті әрбір үй шаруашылығына жеткізу жобасына жеке сервистік компаниялар қосылған. Сонымен қатар, президент компанияның 2300 МГц диапазонындағы FWA (Fixed Wireless Access, тіркелген сымсыз байланыс) озық технологиясын пайдалану жөніндегі жоспарларымен танысты.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы компанияның қала мен ауыл арасындағы цифрлық теңсіздікті төмендету жөніндегі ағымдағы қызметіне, сондай-ақ ұлттық телеком-оператордың перспективалық жобаларына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Дереккөз: 365info.kz