2022 жылғы 15 наурызда «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы іске асыратын жерге орналастыру және жер кадастры саласындағы «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік және коммерциялық қызметтер көрсету бойынша бағалар жобасы бойынша жария тыңдау өтеді.
Жария тыңдаулар онлайн форматта өтеді. Өңірлердің тұрғындары үшін онлайн-режимде сұрақ қою мүмкіндігі бар бейнеконференция байланысы қамтамасыз етіледі.
Тікелей трансляция ZOOM бойынша, https://us02web.zoom.us/j/82290405096?pwd=bUNIaitiK3YzUXIzb3Q5elV5ckEvQT09 сілтемесі арқылы көрсетіледі.
Жария тыңдау астана уақытымен сағат 11:00-де басталады.
Іс-шараға қатысты сұрақтар мен ұсыныстар бойынша 8 701 391 81 65 телефон нөміріне хабарласуға болады немесе сұрақтарыңызды b.kozhanova@gov4c.kz. электронды мекенжайына жібере аласыздар.
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/331038?lang=kk