"КӘСІБИ ТӘЛІМГЕРЛІК – ЖЕТІСТІК ТРАЕКТОРИЯСЫ" БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

"КӘСІБИ ТӘЛІМГЕРЛІК – ЖЕТІСТІК ТРАЕКТОРИЯСЫ" БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Жас мемлекеттік қызметшілерді қызметке баулудағы тәлімгерлердің ролін, үздік тәлімгерлік тәжірибені анықтау, сонымен қоса тәлімгерлік институтын жетілдіру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаменті және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан филиалы бірлесе отырып, «Кәсіби тәлімгерлік – жетістік траекториясы» байқауын ұйымдастырды.

Байқаудың қорытындысы бойынша:

1 орынды - ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасының бас маманы Наукина Меруерт Сержановна;

2 орынды - Көкпекті ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің бас маманы Құмаров Нұрлан Құмарбекұлы;

3 орынды - Көкпекті ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің бас маманы Ибраева Ирина Николаевна иеленді.

Байқау қорытындысы бойынша Көкпекті ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы Наурзбаева Мөлдір Бауыржанқызы «Үздік тәлімгер» атанды.

Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз.