2021 жылғы 30 шілдедегі №10-2 қаулысы бойынша баспасөз-ақпарат

2021 жылғы 30 шілдедегі №10-2 қаулысы бойынша баспасөз-ақпарат

30 шілдеден бастап Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 18 шілдедегі №10 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы №10-2 қаулысы заңды күшіне енеді. Облыс аумағында шектеу шаралары 2021 жылдың 3 тамызынан бастап 16 шілдені қоса алғанға дейін ұзартылды. Қаулыға сәйкес, облыстағы қалалар мен аудандардағы объектілер өз қызметін 1-қосымшаға сәйкес «қызыл» аймақ үшін көзделген өлшемшарттар негізінде жүзеге асыратын болады. Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Ashyq» жобасын іске асыру «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 шілдедегі №33 қаулысына сәйкес жүзеге асырылатын болады. Атап айтқанда, осы қаулымен «Ashyq» жобасына қатысатын нысандар үшін бірқатар жеңілдіктер енгізілді, нақтырақ айтқанда демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндері жұмыс істеуге рұқсат берілді: - Ғимараттардың сыртындағы, ішіндегі азық-түлік сатпайтын базарларға сенбі  және жексенбі күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген; - «Ashyq» жобасына қатысатын сауда үйлері, СОО, сауда орталықтары жұмыс күндері шектеусіз жұмыс істейді, сенбі және жексенбі күндері сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін рұқсат етілген; - Мейрамхана, кафе және кофеханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілеріне (үй-жайда), жазғы алаңдарға, банкет залдарына (мейрамханалар мен дәмханалар типі бойынша қызмет көрсететін) жаппай отбасылық, салтанатты, еске алу (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) және басқа да іс-шараларды өткізбей, толтырылуын 50% - дан асырмай, бірақ 50 адамға дейін болғанда сағат 07.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген; - Фудкорттарға толтырылуы 20% - ға дейін, бірақ 30 орыннан аспайтын сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін уақытта жұмыс істеуге рұқсат етілген; - Қызметкерлерге COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда, ұйымдар, офистер өз қызметін қашықтықтан және дәстүрлі жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы жөніндегі талаптарды ескермей жүзеге асыра алады. Бұл ретте соңғы 6 ай ішінде COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі; - Спорт кешендері, жаттығу залдары, спорттық-сауықтыру жаттығуларымен айналысуға арналған үй-жайлар, бассейндері бар спорттық-сауықтыру объектілері, бассейндер, йога орталықтарын қоса алғанда фитнес-орталықтар/клубтар, СПА орталықтары/салондарына жұмыс істеуге рұқсат берілген. Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтарына 30 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдарға рұқсат етілген; - Қалааралық/облысаралық/облысішілік тұрақты автобус, шағын автобус және өзге де жолаушылар тасымалдарының қозғалысына рұқсат етілген; - Қалалар мен елді мекендер ішіндегі қоғамдық көліктер демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, барлық күндері жұмыс істейді. Демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндері қоғамдық көлік сағат 8.00-ден 10.00-ге дейін, кешке сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін желіге шығатын көлік бірліктерінің санын арттыра отырып, технологиялық процестің үздіксіз циклімен кәсіпорындардың қызметкерлерін жеткізуге жұмыс істейді. - Балалар сауықтыру лагерьлері/ұйымдары (12 жастан бастап балаларды ерікті тіркеумен) толтырылуы 50% - дан аспаған кезде жұмыс істеуге рұқсат етілген; - Ойыншылармен (жеке тұлғалармен) кейіннен ақша қаражатын төлей отырып бәс тігетін ұйымдар (букмекерлік және өзге де мекемелер) бір адамға ауданы кемінде 4 м2 қамтамасыз етілген кезде, бірақ 30 адамға дейін болғанда жұмыс істеуге рұқсат етілген; - Азық-түлік тауарларын сатпайтын ауданы 2000 м2 дейінгі сауда объектілеріне, азық-түлік тауарларын сататын бөлімдерді, дәріханалар мен дәріханалар желісін, оларда орналасқан банкоматтарды, сондай-ақ уақытша егу пункттері ұйымдастырылған объектілерді қоспағанда, демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс істеуге рұқсат етіледі. - Азық-түлік тауарларын сатпайтын ауданы 2000 м2 асатын сауда объектілеріне, азық-түлік тауарларын сататын бөлімдерді, дәріханалар мен дәріханалар желісін, оларда орналасқан банкоматтарды, сондай-ақ уақытша егу пункттері ұйымдастырылған объектілерді қоспағанда, сенбі және жексенбі күндері сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін рұқсат етілген; - Бұл ретте азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды (оның ішінде өзіне-өзі қызмет көрсету нысаны бойынша) бір мезгілде өткізетін сауда объектілерінде демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндері азық-түлік емес тауарларды өткізетін бөлімдердің жұмысына тыйым салынады. Сондай-ақ, «Ashyq» көшбасшылары статусы бар «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге мынадай жеңілдіктер көзделген:

1) «қызыл» аймақтағы қатысушылар «сары» аймақтың талаптары бойынша жұмыс істейді.

2) «сары» аймақтағы қатысушылар «жасыл» аймақтың талаптары бойынша жұмыс істейді.

3) «жасыл» және «қоңыр қызыл» аймақтардағы жобаға қатысушыларға жұмыс режимі 2 сағатқа қосымша ұзартылады, сондай-ақ объектіні толтыру 10%-ға артады;

4) тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, соңғы 3 ай ішінде ауырып сауыққан адамдарды қоспағанда, қызметкерлердің (персоналдың) кемінде 90%-ы бірінші компонентпен вакцинациялау кезінде, объектінің толтырылуы 20%-ға артады.

ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықты санитарлық ережелер мен республикалық, облыстық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлердің қаулыларының барлық талаптарын сақтауға шақырады.