ШҚО-да 17 нысан ASHYQ-тен екі аптаға шығарылады

ШҚО-да 17 нысан ASHYQ-тен екі аптаға шығарылады

Бұл нысандарда QR-код бойынша келушілердің нөлдік саны тіркелген.

ШҚО-дағы 17 нысан ASHYQ жобасынан екі аптаға шығарылады, деп хабарлайды облыстық ақпараттық орталық.

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан бойынша ASHYQ жобасына 1200 – ден астам субъект қатысады, оның ішінде ресми қатысушылар – 500 – ден астам, ерікті қатысушылар-470-тен астам, тестілеу объектілері-300-ге жуық.

Естеріңізге сала кетейік, бизнес үшін қосымшаны пайдалану шектеу шараларына қарамастан жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Сһеск-out сәйкес, Шығыс Қазақстанның 17 объектісінде QR-код бойынша келушілерді тіркеудің нөлдік саны тіркелген. Осыған байланысты, 16 шілдеден бастап олар жобадан екі аптаға шығарылады. Олардың ішінде-Күршім және Үржар аудандарындағы қоғамдық тамақтану объектілері, Семейдегі компьютерлік клуб, Риддердегі лотерея клубы, Үржар ауданы мен Алтай ауданындағы санаторий-курорттық мақсаттағы объектілер, Күршім ауданындағы, Өскемен қаласындағы мемлекеттік органдар, облыс орталығы мен Шемонаиха ауданындағы спорт объектілері.