
Сіздерді «Тәуелсіздік Ұрпақтары» грантын алу конкурсына қатысуға шақырамыз.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасының азаматына ғылым, мәдениет, ақпараттық технологиялар, бизнес және медиа саласындағы жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізінде берілетін «Тәуелсіздік Ұрпақтары» гранты тағайындалды.
Грант берудің мақсаты белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау болып табылады.
Конкурс екі кезеңде өткізіледі:
1) бірінші кезең – уәкілетті органның конкурстық өтінімдерді қабылдауы және осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкестігін қарауы;
2) екінші кезең – конкурстық өтінімдерді бағалау және конкурс жеңімпаздардын анықтау.
Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде қабылданады және:
1) осы Қағидаларға2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның сипаттамасы;
2) жобаның бейне-таныстырылымы (алпыс секундтан аспайды);
3) шығыстар сметасының жобасы;
4) зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса) қамтылуға тиіс.
Конкурсқа қатысу шарттары туралы толық ақпарат төменде берілген: