
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 24 қарашадағы № 456 Жарлығына сәйкес, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссия құрылды. Комиссяның бас мақсаты – кеңес дәуірі кезеңінің барлық санаттағы саяси құрбандарына қатысты тарихи әділеттілікті қалпына келтіру.
Кеңес дәуірі кезеңінде, саяси уәж бойынша жазаланған және солардан зардап шеккен ақталмаған азаматтар туралы ақпарат жинақтау үшін, Мемлекеттік комиссиясының материалдарын ары қарай қарау үшін порталда «Саяси қуғын-сүргіннің ақталмаған құрбандарын іздестіру» бөлімі құрылды.
Не бір себептермен ақталмай қалған жазаланған туыстары, жақын адамдары туралы тиісті ақпараты бар азаматтардан электрондық қызметтер орталығы порталының тиісті бөліміне мәліметтерді енгізуді сұраймыз.
Сілтемесі: https://e-vko.gov.kz/kk/Repression