ШҚО-да 10-нан астам кәсіпкерлік нысаны Ashyq-тен шығарылды

ШҚО-да 10-нан астам кәсіпкерлік нысаны Ashyq-тен шығарылды

Шығыс Қазақстан облысында жобаға қатысуға қойылатын талаптардың бұзылуына байланысты 11 кәсіпкерлік нысаны Ashyq қосымшасынан шығарылды. Нысандар екі аптаға, 12 маусымнан 26 маусымға дейін алынып тасталды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шығарылған нысандардың ішінде тамақтану орындары, компьютерлік клубтар, бассейндер, фитнес-орталықтар мен спорт залдары, демалыс орталықтары, спа-орталықтар мен моншалар бар. Мониторинг барысында облыста QR-код бойынша келушілерді тіркеу саны "нөлдік" 12 кәсіпкер анықталды.

ШҚО – да 624 кәсіпорын Ashyq жобасында тіркелген, оның ішінде 381 – ресми, 80 – тестілеу сатысында, 163-ерікті.

Активтендірілген QR-коды бар объектілердің толық тізімімен әкімдіктің сайтында танысуға болады. (https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/activities/12418?lang=kk)