
2021 жылғы 22 маусымда мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу қарсаңында Шығыс қазақстан облысы мемлекеттік органдарының жаңа қызметкерлері ант қабылдады. Іс-шара Ертіс ғимаратында өтті.
Шығыс қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі Кеңестің Төрағасы Н.Т. Еркебаев салтанатты жиналысты аша отырып, кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті және осы мақсатқа жету үшін мемлекеттік органдар жаңа креативті идеяларға, ұсыныстар мен жобаларға жол ашу үшін өз қатарларын жас мамандарды тартуы қажет.
Шығыс қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының бас маманы Меруерт Сержанқызы Наукина мемлекеттік қызметшілер қатарына жаңадан қосылған және ант қабылдаушылардың бірі болды. Басқарма басшысы Марина Владимировна Гагарина іс-шара барысында қызметкермен бірге болды, салтанатты сөзден кейін мемлекеттік қызметшінің бейджі мен жұмыс үшін блокнот табыс етті.
Салтанатты жиынды қорытындылай келе, Шығыс қазақстан облысы әкімі аппаратының орынбасары С.Ж. Барлыбаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтап, халыққа және мемлекетке қызмет етуде сәттілік тіледі.