
Е-Биржа дегеніміз не? Бұл электрондық еңбек биржасының порталы, жұмысқа орналастыру және персоналды іріктеу бойынша бірыңғай цифрлық сервис болып табылады.
Е-Биржа порталы арқылы сіз Бос орындар дерекқорына және түйіндемеге онлайн-қолжетімділік ала аласыз, жеке кабинетті тіркей аласыз және бос жұмыс орнын немесе түйіндемені орналастыра аласыз, халықты жұмыспен қамту орталықтарына ағымдағы бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді онлайн режимде бере аласыз, жұмысқа орналаса аласыз немесе жұмысқа қабылдай аласыз және тағы басқалар.
Е-биржада тіркелу, сондай-ақ Сіздің ақпаратыңызды орналастыру тәулік бойы және өтеусіз негізде ұсынылады.
Түйіндемені Орналастыру және бос лауазымдарға жазылу бойынша Е-биржа сервисін eGov mobile мобильдік қосымшасында да пайдалануға болады.