
Шығыс Қазақстан өңірі – сандық технологияларды өндіріс пен қоғам салаларына жаппай енгізіп жатқан аймақ.
Өңіріміздің білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, жер қатынасы, қауіпсіздік пен құқық қорғау, транспорт, өндіріс салаларына сандық технологиялар енгізілуде.
Білім беру
ШҚО қазіргі уақытта республикада IT-сынып ашу жағынан көшбасшы орында.
Қазіргі таңда өңірде екі IT-орталық жұмыс істеуде: бірі – Политехникалық колледжде, бірі – Электротехникалық колледжде. Онда студенттер білім алып, оқытушылар тәжірибеден өтуде.
Сондай-ақ, оқушыларға арналған "Jastar Time" инновациялық орталығы жұмыс жасауда.
Денсаулық сақтау
Электронды денсаулық құжаты толық енгізілді. Енді амбулаториялық картаның қажеті жоқ. Өңірдегі ауруханалардың бәрі цифрлық жүйеге көшті.
Жер қатынасы
ШҚО елде алғашқылардың бірі болып электронды жер картасын қолданысқа енгізді.
Көлік
Семейде "Avtobýs " электронды жолақы төлеу жүйесі енгізілді. Сондай-ақ, " Bus Report" бағдарламасы арқылы қоғамдық көлікті жүріс-тұрысын бақылауға болады.
Өндіріс
Аймақ кәсіпорындары біртіндеп Индустрии 4.0. элементтерін қабылдап, өндіріс орындарын модернизациядан өткізуде. Қазіргі уақытта 6 өндіріс кәсіорны сандық технологияға көшті.
Қауіпсіздік
ШҚО-да бірегей бірыңғай ахуал орталығы құрылды. Әлеуметтік нысан, жол қозғалысы мен коммуналды қызмет, шұғыл қызмет, геоақпараттық жүйе – осының бәрін ведомствоаралық бірыңғай ахуал орталығы бақылауда ұстайды.
Ауыл шаруашылық
Өңірде сүт өндірісін модернизациялау мақсатында Смарт-ферма жүйесі іске қосылды.