Риддер мен Курчатов қаласы "Ақылды қалаға" айналмақ

Риддер мен Курчатов қаласы "Ақылды қалаға" айналмақ

Шығыс өңірінің қос моноқаласы – Риддер мен Курчатовқа бейнебақылау камералары орнатылып, сандық жүйе енгізілмек. Сандық жобаның атауы – Smart city.

Камералар тұрғын үйдің ауласы мен көшелеріне, мектеп, құрылыс нысандарына орнатылады.

Сандық жүйенің тағы бір қыры – қала экологиясы.

Ауаға таралған қалдықтың мөлшері мен зияны жайлы ақпараттарды беріп отырады.