Электронды жер картасы

Электронды жер картасы

Бұл – облыс тұрғындарының бос жатқан жер телімдерін табуға көмектесетін бірегей электронды кадастрлық карта.

Бірегей дейтініміз – мұндай электронды карта елімізде тек ШҚО-да ғана бар.

Пайдасы қандай?

Электронды карта жер телімінің көлемі мен сапасын, жалға алу мен сатып алу құнын, төленетін салық мөлшерін – бәрін есептеп бере алады. Қажет құжаттардың тізімі мен техникалық шарттары көрсетілген.

Геопорталды қайдан көруге болады?

Сандық картаның электронды мекенжайы – www.vkomap.kz. Қос тілде ақпарат алуға болады.

Картаға Өскемен, Семей, Аягөз, Зайсан, Алтай, Риддер, Серебрянскі қалалары енгізілген.