
Өнеркәсіпті цифрландыру өнімділіктің өсуіне, өнімнің сапасын жақсартуға және өзіндік құнын төмендетуге, инвестицияларды пайдалану тиімділігін арттыруға және жаңа өнімдерді нарықтарға жылдам шығаруға әкеледі.
Сондықтан ҚР Үкіметі кәсіпорындарда заманауи технологияларды енгізу, өндірісті жаңғырту және цифрландыру арқылы өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелеріне көп көңіл бөледі.
Осы мақсатта ШҚО-да өнеркәсіпті цифрландыру бойынша Жол картасы әзірленіп, бекітілді. Өңір кәсіпорындары Индустрия 4.0 элементтерін қолдана отырып, өндірісті технологиялық жаңғыртуды жүргізуде.
2025 жылға дейін инвестициялар көлемі 17,4 млрд.болатын цифрлық технологияларды енгізу бойынша 21 жобаны іске асыру жоспарлануда, бұл жобалар өз қаражаты есебінен қаржыландырылады. Экономикалық тиімділік 37 млрд. теңгені құрайды.
Қазіргі уақытта өнеркәсіптің 6 кәсіпорны цифрлық технологияларды пайдаланады: "Қазмырыш" ЖШС, "Шығыстүстімет" ЖШС, "KAZMineralsAktogay" ЖШС, "Азия Авто" АҚ, "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ, "Бұқтырма цемент компаниясы"ЖШС.
"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың өткен кезеңінде барлығы 11 жоба аяқталды (жалпы құны – 11 млрд.теңге).