Oskemen Hub Idea Battle стартап-жобаларды таныстырды

Oskemen Hub Idea Battle стартап-жобаларды таныстырды
13 қараша 2025 жылы Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Oskemen Hub Idea Battle инновациялық шарасы өтті. 15 команда өз стартап-жобаларын сарапшылар алқасының алдында таныстырды.
 
Үздік жобалар:
•Хроники степи — Қазақстан тарихына негізделген RPG ойын
•Enterra — бизнес пен стартаптарға арналған әмбебап суперапп
•InSөz.ai — логопедтерге арналған ІІ-платформа
•Eye Sense by AI — аутизмді ерте кезеңде диагностикалайтын ІІ-қосымша
•Schedify — Telegram-бот форматындағы сабақ кестесі платформасы
•VertexInvest — жеке талдауға арналған интеллектуалды инвестициялық платформа
 
Idea Battle жастардың кәсіпкерлік ойлау қабілетін дамытуға және өңірдегі стартап мәдениетін қолдауға бағытталған.