
"Jusan Mobile" АҚ және "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" АҚ ынтымақтастығы аясында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен ШҚО цифрландыру және мұрағаттар басқармасымен бірлесіп, Үлкен Нарын ауданының Сенное ауылында OneWeb жиынтығы орнатылды. 100 метр радиуста қамтуды қамтамасыз ететін жалпы тегін Wi-Fi кіру нүктесі ұйымдастырылған. Деректерді беру және қабылдау жылдамдығы 50 Мбит/с дейін жетеді.
Бұған дейін тұрғындар тұрақты байланыстың болмауына байланысты онлайн Қызметтерді пайдалану және ақпарат алу кезінде қиындықтарға тап болған. Жобаны іске асыру тұрғындардың білім беру, жұмыспен қамту және коммуникация салаларындағы мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді. Алдағы уақытта Шығыс Қазақстан облысында өңірдің басқа шалғайдағы елді мекендерінде интернет-қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін тағы 30 жиынтық орнату жоспарлануда.