«Сен жалғыз емессің: қиын сәтте кім көмектесе алады?» тақырыбында ашық есік күні ұйымдастырылды

«Сен жалғыз емессің: қиын сәтте кім көмектесе алады?» тақырыбында ашық есік күні ұйымдастырылды

19 маусым күні, Шығыс Қазақстан облысының Цифрландыру және архивтер басқармасы, оның ішінде Ақпараттық технологиялар орталығының базасында Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасына қарасты Серебрянск қаласындағы М.В. Инюшин атындағы №1 орта мектебінің 4-сынып оқушылары үшін ашық есік күні өтті.

Кездесудің тақырыбы - «Сен жалғыз емессің: қиын сәтте кім көмектесе алады?». Шара барысында оқушыларға қауіп төнген жағдайда көмекке жүгіну – әрбір азаматтың заңды құқығы екені түсіндірілді. Сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары, жеке қауіпсіздік ережелерін сақтау және төтенше жағдайда жедел әрекет ету алгоритмдері түсіндірілді.

Оқушылар назарына «112» жедел қызметінің жұмысы, халықаралық көмек ишараты, құпия код сөздер, шартты белгілер және шұғыл жағдайдағы коммуникациялық әдістер туралы кеңінен мәлімет берілді. Теориялық ақпаратпен қатар практикалық жаттығулар да ұйымдастырылып, балалар нақты өмірлік жағдайларда өздерін қалай ұстау керектігін үйренді.

Іс-шара соңында оқушылар мамандарға сұрақ қойып, қажетті жауаптарын алды.

Есіңізде болсын: Қиын жағдайда сіз жалғыз емессіз. Қарапайым ишара – үлкен көмекке жол ашады.

Кез келген қауіп кезінде – 112 нөміріне хабарласыңыз.