
Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Анатольевич Коняшкиннің Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары шеңберінде ахуалдық орталық базасында су тасқыны жағдайын мониторингілеуге және медиа жоспарлауға бағытталған цифрлық кейс ұсынылды.
Су тасқыны жағдайын бақылау жүйесі интерактивті карталар, графиктер және аналитикалық кестелер түрінде жүзеге асырылды, бұл нақты уақыт режимінде өзгерістерді бақылауға және басқару шешімдерін жедел қабылдауға мүмкіндік береді. Іс-шара барысында вице-министр ұсынылған жүйенің жоғары тиімділігін атап өтіп, оның су тасқыны тәуекелдерін де, өңірдің ақпараттық саясатын басқарудағы әлеуетіне оң баға берді.